Қырғызстан
президенті Алмазбек Атамбаев Мәскеу ауруханасынан шықты. Оның сауығып елге
оралғаны жайлы президенттің ресми сайтында хабарланды. Бүгін сондай-ақ
Қырғызстан президентінің халыққа үндеуі жарияланды. Онда Алмазбек Атамбаев
барша отандастарына алғысын жеткізген. «Аяқасты жүрек сырқатына шалдыққанымда
мен үшін дұға тілеп, отбасыма сүйеніш болғандарыңыз үшін рахмет. Маған ауруды
жеңуге күш-қуат бердіңіздер», - делінген хабарламада.
Еске салайық, таяуда БҰҰ-ң
кезекті жиынына аттанған Алмазбек Атамбаевтың жолда жүрегі ұстап қалған еді.
Алғашқы емді Ыстамбұлда алып, кейін Ресей астанасындағы орталық клиникалық
ауруханаға жатқызылған.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА