Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жер қойнауын пайдаланушылар отандық тауарларды сатып алуға құлықсыз», - депутат

Германиядан әкелген пиджакқа қазақстандық 1 түйме тағып, отандық өнімге айналдырады. Бұл әділетсіздік. «AMANAT» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары – Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті мүшелерінің отырысында осылай деді. Отандық деген сертификат алу үшін өнім осында әзірленсе жеткілікті. Шикізат қайдан шықты, маңызды емес. Министрлік отандық тауар өндірушінің қазақстандық үлесті арттыруға деген ынтасын жойып отыр, оларға тауарларды шетелден әкеле салу оңайырақ дейді депутаттар. Басқосуда отандық тауар өндірушілерді қолдау, машина жасауды дамыту, сондай-ақ ірі компаниялар сатып алатын тауар мен қызметтің қазақстандық үлесін арттыру мәселелері сөз болды.

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Инфроқұрылымы бар аймақта жалпы инвесторлар келіп, кәсіпкерлік субьектілер келіп жұмыстарын атқарып жатыр. Заводтарын салып жатыр. Өнімдерін шығарып жатыр. Бұл енді Қазақстанның тауар өндірушілері. Осындай жұмыстарды жақсартатын болсақ, өзімізден товар өндіретін, өзімізден өнеркәсібімізді дамытатын болсақ, экономикамыз жақсы дамитыны анық. Салығымыз да көп түседі. Бұл мемлекетіміздің дамуына алып келеді.