Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 200 жас каратэші күш сынасты

Алматыда екі жүз жас каратэші күш сынасты. Мұнда киокушинкайдан «AMANAT CUP» қалалық турнирі өтті. Аталмыш шара осымен бесінші рет өткізіліп отыр. Биыл жарыс «AMANAT» партиясының қолдауымен өтті. Оған төрт жастан он жеті жасқа дейінгі әр түрлі салмақ дәрежесіндегі спортшылар қатысты. Олардың арасында тоғыз жасар Алдияр да бар. Қарсыласымен болған жекпе-жекте жеткіншек бірінші орынға ие болды.

Алдияр АБДИЛОВ, ҚАТЫСУШЫ:

Қуаныштымын. Мен әкеме және ағайыма рақмет айтамын. Өйткені, залда, үйде бәрі тренировать етті. Солардың арқасында мен бүгін бірінші орын алдым.

Әйгерім МҰСТАФАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«AMANAT» партиясы балалардың арасында спорт жағынан қолдау көрсетіп келеді. Өйткені, біздің ертеңгі болашағымыз – осы балалар. Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, туымызды көкке көтеретін азаматтарымыз өсіп келеді.