22 мамыр күні Семейдің №1 ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің төртінші қабатынан кішкентай бала құлап кетті.
Куәгерлер cағат 12:30 шамасында 2019 жылы туған бала 4-қабаттың терезесінен тормен бірге төмен қарай ұшып түсті.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келіп жетті.
Көптеген жарақат алған сәби шұғыл түрде облыстық аурухананың балалар бөліміне жеткізілді.