Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде 4 жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2023
  • 1277

22 мамыр күні Семейдің №1 ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің төртінші қабатынан кішкентай бала құлап кетті.

Куәгерлер cағат 12:30 шамасында 2019 жылы туған бала 4-қабаттың терезесінен тормен бірге төмен қарай ұшып түсті.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келіп жетті.

Көптеген жарақат алған сәби шұғыл түрде облыстық аурухананың балалар бөліміне жеткізілді.