Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда қою түтін тұрғындарды қорқытты

Қостанайда өзен жағасындағы қамыс тұтанып, өрт сөндірушілерді аяғынан тік тұрғызды. 35 адам мен 9 техника дереу жеткен. Бірақ, олар келгенше қызыл жалын екі гектар жерді шарпыған. Жағалауға жақын жердегі жеке сектор өрттен аман қалды. Тілсіз жаудың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Еске салайық, өткен жылы мамыр айында жағалаудағы қамыс өртінен 11 үй өртеніп кеткен еді.

Азамат ОРЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қоңырау түскеннен кейін қаланың барлық өрт сөндіру бөлімдері шұғыл көтерілді. Уақытымен өрт болған жерге жіберілді. Зардап шеккен адамдар жоқ. Зардап шеккен үйлер мен құрылыстар жоқ.