Елімізде фастфуд бағасы бір жылда 16%-ға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Бірақ жұрт оған қарап жатқан жоқ. Көшеден жеңіл-желпі тағам жейтіндер көп. Адамды өзіне құмар қылған бұл дәмнің не ерекшелігі бар? Дәрібек Бахытбек зерттеді.
Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Соңғы рет үйден қашан тамақтанғаным есімде жоқ. Үш мезгіл асымды да сыртта ішемін. Тамақтану орнын таңдап әуреге түспеймін. Бірден фасд-фудқа келемін. Қарным тойғанша жеймін. Бұл асқа неге құмартып алғанымды білмеймін. /Есептеп жіберсеңіз/ Бағасы қымбаттап кеткен ба? Сонда да бұл астан бас тартпайтын шығармын.
Көп адам көшеден тамақтанады. Тез дайындалатындықтан бәріне осы қолайлы. Бағасына ешкім мән бермейді.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Сэндвич не заведенияда донер анау-мынау, балалармен шыққанда. Үйдің тамағынан шаршағанда ғой.
- Аптасына 1-2 рет. Фри көбінесе бургермен, фри комбомен аламыз ғой ылғи.
- Мен күніне 3 рет барамын. Білмеймін, үйден тамақтанбаймын. Тез дайындалады, сосын қолайлы.
Ал диетологтар фастфуд құрамында дәмдеуіш көп екенін айтады. Сондықтан қанша жесең де тоймайсың. Тез тамақ дайындайтын өндірушілердің өз рецептерін қатаң құпияда сақтауы тегін емес. Ол бәріне мәлім болса, фастфудқа құмар адам азаяды немесе олар мұндай тағамнан бас тартар еді. Жасанды дәмі тіл үйірсе де ағзаға тигізер пайдасы жоқ. Соңы семіздікке және қатерлі ісікке әкелуі мүмкін.
Арман ӘЛІБЕКОВ, ДИЕТОЛОГ:
Калорияның көп болуы ағзаға теріс әсерін береді. Ол семіздікке алып келуі мүмкін. Семіздік - бұл жалпы дүниежүзілік деңгейде өзекті мәселелердің бірі. Адам ағзасына көптеген кері әсері бар семіздіктің бұл. Жүрекке де жанағы өзінің ауырлығын тигізеді. Тамыр жүйелеріне жалпы адамның өзінің жүрісіне тіпті сүйек буындарына қатты әсерін тигізеді.
Көпшілік фастфудты көп тұтынғандықтан бағасы бір жылда 16%-ға қымбаттады. Әсіресе БҚО, СҚО, Атырау, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында өсім байқалады.
Қазақ тағамтану академиясы бірқатар зерттеу жүргізген. Жылдам даярланатын фастфуд балалар арасында артық салмақ қосып, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруына шалдыққандар санын соңғы кезде айтарлықтай өсірген. Әрбір үшінші оқушының салмағы артық.