Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы қоңырауды 25 мамырға қайтару оңай жұмыс емес – Министр

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2023
  • 1725

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы қоңырауды 25 мамырға қайта ауыстыру жөнінде сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда журналистер «Соңғы қоңырау 25 мамырға қайтарыла ма?» деген сұрақ қойды.

«Біріншіден, бұл мәселе бойынша мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені, бұл (соңғы қоңырауды) тек 25 мамырға айырбастай салу емес. Бұл нақты мемлекеттік стандарттың, бағдарламаның 36 аптаға созылуына қатысты. Соңғы қоңырауды қалпына келтіру басқа өзгерістер алып келеді, яғни 6 күндік оқу жоспарына ауысу немесе пәндегі оқу сағаттарының қысқаруы болуы мүмкін. Бұл жай ғана қайтара салатын дүние емес. Білім саласында жіті, дұрыс сараптама өткізіп, шешім қабылдау керек», - деп жауап берді министр.