Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында 50 мың электронды темекі мен вейп тәркіленді

Жамбыл облысында 50 мың электронды темекі мен вейп тәркіленді. Құжатсыз тауарларды шекарадан заңсыз алып өтпек болған азаматқа 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Экономикалық тергеп-тексеру департаментің мамандары екі көлікті ұстаған. Жүк салғышты тексеру кезінде рұқсаты және ілеспе құжаты жоқ 50 мыңға жуық вейп табылған. Оның сметалық құны шамамен 50 млн теңге.

Дулат САҚҰЛОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭТТД ТБ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Веб маркалы элктронды темкі өнімдерін тасымалдаумен айналысқан А есімді азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 214 бабы, 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімімен веб маркалы 49 мың дана электронды темекі өнімі тәркіленіп, қазіргі таңда жойылды.