Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл БҚО-дағы жазғы демалыс лагерьлерінде мүгедек балалар да тынығады

Биыл жазғы демалыс лагерьлерінде мүгедек балалардың да демалуына жағдай жасалмақ. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды. Облыс аумағында 575 лагерь жұмыс істейді, 101 мыңнан астам бала тынығады. Енді мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасылардың ұландары да қамтылады. Бұл ретте лагерьлерден танымдық сипаттағы үйірмелер ашып, жеткіншектерге барынша қолайлы жағдай жасалуы керек дейді партиялықтар.

Жұмажан ҚОЖЖАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ:

Демалыс орындарының тек қана мектептің жанынан үйірмелер тек стационар сияқты келіп-кету ол аз деп ойлаймыз. Сонымен бірге ол демалу ғана емес сауығуға да әсер етіп, көңілін көтеріп басқаша әсер етіп, атмосфера болуы керек қой негізі. Осыны қадағалайтын боламыз және соны жүзеге асыруға күш-жігерімізді саламыз деп айтамын.

AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңес бес жылдың ішінде аула клубтарының жұмысын жолға қойып, мыңдаған нысанды тексерді. Ал «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында аудандардан жас отбасыларды қолдау орталықтары ашылған. Сонымен қатар балаларға психологиялық көмек көрсету ісі ілгерілеп, мектеп оқушыларына көрсетілетін зорлық-зомбылық 38% төмендеген. Бүгін құрамы қайта жаңарған кеңес енді қайта бейімдеу орталықтарын жандандыруға күш салмақ.