Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мінез көрсетті": белгілі промоутер Қоңқабаевтың әлем чемпионатындағы өнеріне баға берді

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2023
  • 1159

Белгілі промоутер, бокстан Қазақстан құрамасы мен "Астана Арландары" клубының бұрынғы мүшесі Жалғас Тукешов Ташкенттегі байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған Қамшыбек Қоңқабаевтың өнеріне баға берді, деп жазады kaz.nur.kz

Оның сөзінше, Ташкенттегі әлем біріншілігінде Қамшыбек Қоңқабаев Өзбекстанның атақты боксшына лайықты қарсылық көрсеткен.

"Егер қателеспесем, Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов 8 рет кездескен болуы керек. Ең алғашқы жекпе-жекте Қоңқабаев оны нокаутқа жіберген. 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатында және "Астана Арландары" сапында жүріп, ұтты. Кейінгі кездесулердің бәрінде Жалоловтың асығы алшысынан түсуде. Жанкүйерлер бұл екі кездесуден жалықпайды. Олар Қамшыбектің оңтайлы сәтін күтіп, қарсыласын ұталы, құлатады деген үмітпен отыр. Ташкентте Қамшыбек мінез көрсетті. Риза болдым. Баходир басқалардың мысын бірден басып тастаса, Қамшыбекке келгенде аяқ тартады. Қанша дегенмен, күшік кезінде таланған ғой. Осы жолы медаль болмаса да, Қоңқабаев жақсы мінез көрсетті. Қамшыбектің бір айтқаны бар. Ол төрешілер қолын көтермесе де, қарсыласын бір аунатып түсіретіндей жекпе-жек көрсетемін деген. Сол мүмкіндік туады деп ойлаймын", - деді Жалғас Тукешов.

Еске сала кетейік, Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаевты сынға алған еді.