Мәжіліс
экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын алғашқы оқылымда
мақұлдады. Дегенмен құжаттың кей нормалары қызу талқылауға арқау болды. Заң
жобасының авторлары, яғни ішкі Істер министрлігі өкілдері, депутаттардың кей сұрақтарына
жауап таба алмай састы. Мәселен, пәтерін жалға берушілердің "тұрғындарды уақытша тіркеуге қоюы"
туралы норма сын көтермейді.
Омархан
Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Жеке
үйлерді қалай тіркейді? Олар жарты тәулікке өткізсе, жарты тәулікке жүгіріп
барып айтып отыруы керек пе? Әлде телефон арқылы айтуы керек пе? Мұның қандай
механизмдерін көздемекшісіздер? Біз, бір жағынан, қауіпсіздік органына жеңілдік
қарастыра отырып, азаматтарымыздың күнделікті өмірін қиындатпауымыз керек заң
арқылы.
Қару-жарақ
сататын сауда орталықтарының мәселесі де шешілмей тұр. Қолданыстағы заңға
енгелі отырған өзгерістер мұндай кәсіп иелеріне тұрғын үй ғимараттары мен адам
көп шоғырланған жерлерде сауда жүргізуге тиым салады. Депутаттар бұл жағдайда
бизнесмендердің шығыны өтелуіне алаңдаулы. Алайда өзгертулер ешқандай өтемақы
қарастырмайды. Дүкен иелері аталған талапты 1,5 жыл ішінде орындауы тиіс.