Пәкістанның солтүстігінде қар көшкіні салдарынан 11 адам, оның ішінде төрт жастағы бала қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті көшпелі тайпа өкілдері ешкі табынымен Шоунтер асуындағы таулы аймақты кесіп өтіп бара жатқанда қар көшкіні жүрген. Тағы 25 адам зардап шеккен, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Жергілікті полиция қаза тапқандар арасында төрт әйел мен төрт жасар бала болғанын растады, деп хабарлайды Associated Press ақпарат агенттігі.
Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф адам өліміне байланысты көңіл айтып, климаттың өзгеруіне байланысты мұндай оқиғалар саны артып бара жатқанын айтты.
Премьер-министр Twitter-парақшасында апаттың "үлкен қайғы мен адамдардың қазасына себеп болғанын" атап өтті.