Атырау тұрғындарын есірткі айналымы алаңдатып отыр. Себебі, өңірде биыл 5,4 кг есірткі тәркіленген, оның негізгі бөлігі – “синтетика”. Ішкі істер министрімен кездесуде осы және өзге де мәселелер талқыланды. Соның тағы бірі - жолдағы қауіпсіздік. Адамдардың қаза табу фактілері басқа деректерге қарағанда әлдеқайда көп. Бұған себеп жолдардың сапасы, жүргізушілердің мәдениеті, көлік құралының жағдайы, жолаушыларды заңсыз тасымалдау, – деді Марат Ахметжанов. Шара соңында министр көпшілікпен сұрақ-жауап алмасып, проблемалық мәселелермен жүгінгендерді жеке қабылдады.