Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана Ресей мен АҚШ арасында келіссөздердің жандануын қалайды

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2016
  • 4201

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей мен АҚШ-ты Сирия мәселесі бойынша келіссөздерді жандандыруға шақырады. Бұл туралы мәлімет ведомствоның ресми парақшасында жарияланды.

Вашингтон мен Мәскеудің бұл бағыттағы серіктестігі үзілсе, арты қайғылы жәйттерге әкелуі ықтимал. Министрліктің ақпаратында осы жағы ескертілген. Және ведомство бұған дейін Таяу Шығыста тұрақтылық орнату үшін қол жеткізілген нәтижелер жойылуы  мүмкін деп есептейді.

Айта өтейік, Қазақстан Ресей мен АҚШ-тың Сирияға қатысты бірлескен іс-қимылдарын қолдайды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА