Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында жалған құжат арқылы автокөліктер заңсыз тіркелген

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2023
  • 1228

Ақмола облысында жалған құжат арқылы көлік құралдарын заңсыз тіркеу фактілері анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық полиция департаменті атап өткендей, мамыр айының ортасында облыста жалған құжаттарды пайдаланып шетелден әкелінген 62 көлік.заңсыз тіркеу фактілері анықталды.

Келтірілген шығын көлемі 500 миллион теңгені құрады.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі бойынша ҚР ҚК-не тіркелді", - делінген полиция хабарламасында.

30 жастағы жігіттің кім екені анықталды, оның қатысы тексерілуде. Іс Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді. Полиция тексеруді жалғастыруда.