Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы мен АҚШ энергетика министрі мұнай бағасына ықпал ететін факторларды талқылады

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2016
  • 1374

Ядролық қауіпсіздік тақырыбы бүгін Ақордада талқыланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың энергетика министрі Эрнест Монизді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар ядролық материалдардың қауіпсіздігін арттыру, жоғары байытылған уранды қолдану аясын төмендету бағытында бірлесе жұмыс жүргізу жайын сөз етті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Эрнест Мониз энергетикалық қауіпсіздік, мұнай-газ индустриясы, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Мұнай бағасын қалыптастыруға ықпал ететін негізгі факторлар, дәстүрлі қуат көздерінің орнын басатын жаңа энергия түрлерін пайдалану перспективалары да сөз болды.

Эрнест Мониз, АҚШ-тың энергетика министрі:

Ең маңызды ынтымақтастық бағыттарының бірі - ядролық қауіпсіздік. Қазақстанда төмен байытылған уран банкін орналастыру және Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келісімге қатысты мәселелерді шешуге Қазақстанның қосқан елеулі үлесі жайлы сөз қозғадық. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді деген ойдамыз. 

Берік ХАСЕНОВ