Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жанкүйерлерден терезеден секіріп қашқан кезім болды". Қайрат Нұртас өнер жолындағы қызықтарын бөлісті

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2023
  • 1313

Танымал эстрада әншісі Қайрат Нұртас өнер жолындағы қызықтарын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы өнерпаз "Көп-культура" подкастында айтты. Оның айтуынша, жанкүйерлерінен терезеден секіріп қашқан кездері болған. 

"Жанкүйерлерден қашқан сәттерім қызық болды. Терезеден секірген, өзім үндемей, тығылып келе жатсам, жанкүйерлерім жүгіріп келіп, жаңа былғары күртемді жыртқан кездер болған. Осыдан 10 жыл бұрын Шуға бардық. Үлкен стадионда ән салдық, адам көп болды. Мен терезені ашып, "телефонымды жазып алыңдар"деп, нөмірімді айтамын. Сол кезде Еркін Нұржанов өте танымал еді. "Қашан Еркін Нұржанов ағамыздай танымал болар екенмін" деп армандайтынмын. Бір күні екеуміз бірге келе жатсақ, маған да, оған да тоқтамай қоңыраулар келіп жатыр. Сонда санап көрдік, суға түсіп шыққанша 123 қоңырау, 93 хабарлама келген кездер болды", - дейді ол. 

Өнер иесі "Сені сүйем" әні әйелі Жұлдыз Абдукаримованы қатты сағынған кезде пайда болған шығарма екенін айтты. 

Қайрат Нұртас жас кезінде кімді тыңдап өскенін айтты. 

"Мен Мейрамбек ағамды, Саят Медеуов ағамды тыңдап өстім. Олардан қалай әнді алдап айтуы керегін түсіндім. Әсіресе, Мейрам ағамды. Кейін өзімді тыңдап үйрендім. Көп композитормен араластым. Олар сөзге қатты мән береді. Әнді орындағанда бүкіл халық алдында әр сөзің үшін жауап бересің ғой", - дейді ол.