Русский Сайттың толық нұсқасы

Германия Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2016
  • 2169

Германия Ресейдің Сирияға қатысты саясатына орай жаңа санкциялар енгізуі мүмкін. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлайды. Мақалада Ангела Меркельдің үкіметі Мәскеуге қысым көрсетудің түрлі жолдарын ойластырып жатыр делінген.

Оның ішінде экономикалық шектеулер де бар. Бірақ әзірге мәселе бастапқы сатысында ғана тұр. Германия парламентінің қалай қабылдайтыны белгісіз. Басылымда «Бұл көші-қон дағдарысынан үрейленіп отырған Еуропаның Ресейге қатысты қатаң саясат ұстануының алғы шарттары» деп жазылған.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ Ресеймен арадағы Сирияға қатысты бірлескен іс-қимылды тоқтататынын мәлімдеген еді. 

Саламат ОМАШ