Иә, қазір ұялы телефонсыз жүру мүмкін емес. Бір адамда бір емес, бірнешеуі бар. Және оны жатса да, тұрса да жанынан тастамайды. Бірақ сонда да елімізде телефон ұрлығы көп. Астананың өзінде жыл басынан бері бір жарым мыңнан астам смартфон ұрланған. Дәрібек Бахытбек эксперимент жасады, көрейік.
Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Мен қазір адамдар көп жүретін орынға келдім. Телефонымды әдейі көрінетін жерге тастаймын. Жұрттың әсері қалай болады? Көреміз.
Серуендеп жүріп, саябақта демалып отырған адамның қасына жайғастым. Сосын телефонымды әдейі ұмытқан кейіп танытып, орнымнан тұрып кеттім. Бірақ, біреуі көрсе де көрмегендей болды, ал бірі тіпті мән берген жоқ. Қорқып қаша жөнелгендер де кездесті.
Дегенмен, телефоныңыз қалып қойды дегендер де болды. Түк білмегенсіп алғысымды айттым. Сосын әңгімеге тарттым. Мен секілді заттарын ұмытып кететіндер көп екен. Бірақ мен мұның әлеуметтік эксперимент екенім айттым.
Абырой болғанда телефоныма ешкім тиіспеді. Ал тәртіп сақшылары соңғы уақытта телефон ұрлығы мен жоғалту дерегі көбейгенін айтады. Жыл басынан бері 1500 мыңнан астам смартфон ұрланған.
Нұралы ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Азаматтар ұялы телефонын жоғалтқан кезде немесе ұрлатып алса, онда бірден 102 нөмері арқылы полицияға хабарласу керек. Сатып алынған ұялы телефондардың құжаттарын міндетті түрде сақтау қажет. Себебі жоғалған телефон IMEI коды арқылы оны қосқан кезде полиция қызметкеріне ішкі істер министрлігі арнайы базасының көмегімен қай квадратта екенін білуге мүмкіншілік береді.
Дамыған заманда телефонсыз жүру мүмкін емес. Сондықтан тауып алсаң, бірден қайтарып беруге асық.