Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұрсын Алагөзов Баян Мақсатқызына кетіп қалған кезде кәсіпкердің бұрынғы әйелі қандай қиындықты бастан кешіргенін айтты

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2023
  • 1984


Елімізге танымал кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтың экс-жұбайы Ляйсира Марат ажырасуды қалай қабылдағанын жасырмай айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Маған: “Ажырасуға қалай көндіктің? Қалыпты өмірдің бір сәтте ойраны шыққанда қандай сезімде болдың? Қалай қабылдадың?” деген сұрақтар жиі қойылады.Алғашқыда ештеңе сезінбедім. Бар болмысым – қайғы-мұң еді. Денем, ағзам, сезімім, эмоцияммен сұмдық сезімді бастан кештім. Тыныстай алмадым. Тіпті параллель әлемде өмір сүріп жатқандай болдым. Жақындарым келіп, бірдеңелер айтып, құшақтап, жұбатуға тырысты. Бірге күліп отырып шай ішетінбіз, менің де күлгенім есімде. Бірақ жан дүнием бос, қара құрдым секілді еді. Әбден әлсірегенде менің алдымда екі таңдау болды: өмір сүру немесе өкінішпен өткенде қалу. Сол кезде ішімде бір үміт пайда болғандай болды. Ол менің жаңа өмірімнің бастамасы еді. Әрине, ажырасу кезінде қорқыныш, шарасыздық пен өкініш сезімдерінің болуы заңдылық. Бірақ менде бәр жақсы аяқталды. Уақыт өте келе дұрыс таңдау жасағаның үшін өзіңе рахмет айтатын боласың”, – дейді Ляйсира Марат.

Кәсіпкер әйелдің бейнежазбасын көрген оқырман оған барынша қолдау көрсетіп, тілекші екенін білдірді.

“Ляйсира сіз өте жақсы адамсыз. Оларды жіберіңіз, ешқайсысы бұл туралы айтпайды, өйткен олар бақытты. Сізге де әйел бақытын тілеймін”, “Мен сізді жақсы түсінемін. Мен де ұлдарым үшін бәрін жеңіп шықтым”, “Өмірде бәрі өткінші”, “Жан дүниеңізді кірлетпей, өзіңізді аялай біліңіз”, “Сіз мықты адамсыз”, – деп түрлі пікір қалдырды желі қолданушылары.