Русский Сайттың толық нұсқасы

"10 жылға дейін сотталуы мүмкін": полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілгенін еске салды

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2023
  • 1148

Ішкі істер істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін еске салды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы жазды. 

"19 мамырдан бастап "Қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас түрлерінің алдын алу бойынша адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді. Бұл заң бойынша отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін де жауапкершілік күшейтілді", - дейді ІІМ өкілдері.

Құзырлы орган мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 106 (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) және 107-баптарында (Ауырлығы орташа) "кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау" деген саралау белгілері енгізілген.

"Егер бұрын 106-бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделсе, қазір жаза 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды", - дейді ІІМ өкілдері. Сонымен қатар ведомство әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу жәбірленушінің арызынсыз басталуы мүмкін екенін де атап өтті. 

"Азаматтарды отбасылық-тұрмыстық салада жауапты болуға шақырамыз", – дейді ІІМ өкілдері.