Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы мен тергеуші ұсталды

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2023
  • 1570

Бірлескен жедел іс-шараларды жүргізу барысында 2 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қалалық департаменті мен Шымкент қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілдері Абай аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеушіні ұстады.

Бұл туралы ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласы ПД-нің басшылығы мен басқа да құқық қорғау органдары «погондағы теріс пиғылды адамдарды» анықтау жұмыстарын жалғастыруға ниетті.