Русский Сайттың толық нұсқасы

Jay-Z Тоқаевқа рэп арнағаны рас па?

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2023
  • 1223

Желіде наурызда америкалық рэп орындаушы Jay-Z-дің Тоқаевты мақтап рэп оқығаны туралы ақпарат тарады. Видеоны желі қолданушылары ғана емес, кейбір медиа да жариялай бастады. Салдарынан ақпарат көрші елдердің сайттарына да тарады.  Алайда бұл -  жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

Дегенмен америкалық рэп орындаушылардың қазақстандықтарға деген ілтипаты мұнымен бітпеді. Тоқаев туралы рэп пайда болғаннан кейін бірнеше күннен соң желі қолданушылары Eminem-нің қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров туралы да әнін жариялады.

Оқырмандардың өтініші бойынша, Factcheck.kz расымен хип-хоп серілері қазақстандықтарға құрмет көрсетті ме, әлде бұл жай ғана жалған ақпарат па деген сұраққа жауап іздеді.

Jay-Z мен Eminem-нің реми арналарын тексеріп, олардың Тоқаев пен Тұраров туралы ешқандай трегі шықпағанын анықталды. Видеодағы кадрлар орындаушылардың басқа клип пен концерттерінен алынған. Ал даусы мен сөзі жасанды интеллект арқылы жасалған.

Біріншіден, барлық жерде Jay-Z бар видеоның ұзақтығы бір минуттан аспайтынын, ал Eminem бар видео одан да қысқа екеніне назар аударғанымыз жөн. Егер желідегі кадрлар тым болмағанда ән шумақтары болса тректің толық нұсқасын таба алатын едік. Рэп орындаушылардың ресми арналарында танымал қазақстандықтар туралы туынды жоқ.

Бірақ мәселе ол ғана емес. Мәселен, Jay-Z бұл тректе сөздерді әдеттегіден баяу айтады. Яғни дыбысқа бірқатар манипуляция жасалған. Себебі дауысты келтіретін бағдарламалардың тегін не арзан нұсқалары әзірге оны қатесіз жасай алмайды, сол себепті тембр мен жылдамдықты реттеуге тура келеді.

Бұл жерде кейбір сөздердің айтылуына да назар аудару керек. Jay-Z мен Eminem ағылшынша сөйлетінін ескерсек, тректегі кейбір сөздер (адам аттары мен елдің атынан бөлек) анық емес айтылғаны немесе екпін дұрыс қойылмағаны (мәселен Jay-Z-де: government, prosperous, progress, innovative және басқалары) күдік тудырады. Бұл біз естіп отырған дауыстар бағдарламамен өңделгенін дәлелдей түседі.

Рэп орындаушының шығармашылығын жақсы білетін адамдар Eminem-нің Жанқош Тұраров туралы рэп оқығандағы даусы өзінің 2000 жылдары Superman әнін шығарған кездегі даусына ұқсайтынын байқады. Егер оны рэпердің қазіргі даусымен салыстырсақ айырмашылық болатынын да ескеру керек.

Соған қарамастан әзіл сәтті шығып, көпшілік Jay-Z деген атпен танылған Шон Кори Картер Тоқаев туралы, ал Eminem Тұраров туралы ән айтқанына сеніп қалды. Пікір білдірушілерге музыканттарға президентке пиар жасағаны үшін қанша төленгені қызық болып жатыр.

Жалпы мұндай тректерді жасау қиын емес. Ол үшін Картер мен Маршалл Мэтерске хабарласу міндетті емес. Интернет, жасанды интеллекттің тегін сервистері мен ролик жасауға арналған бағдарлама болса болғаны.