Русский Сайттың толық нұсқасы

Журналист Әйгерім Есенәлі өмірінің қиын кезеңін еске алды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2023
  • 2972

Танымал тележүргізуші, журналист Айкерім Есенәлі жүктілік кезіндегі қиындықтары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Журналистің сөзінше, жүктілік кезіндегі жантүршігерлік жағдай пойызда болған. 

"Жолға шықтық. Ұшақпен баруға болмайтындықтан пойызға билет алдық. Бірінші қабаттағы орынды бергісі келген жоқ, себебі ол адам менің аяғым ауыр екенін білген жоқ, байқамады. Мен де сол кезде сыпайы бола қалдым. "Апа, менің аяғым ауыр" десем болады ғой. Екінші қабатта жатуға болмайтынын білмеймін. Сонымен екінші қабатқа жаттым. Таңертең тұрсам қанап жатырмын. 
Сол оқиғадан 1-2 күн бұрын аяғым ауыр екенін айтамын. Шамамен 5 айдан асқан уақытта болған. Бір ауылдың станциясында тоқтадық, алып кетеміз деді. Келіп тұрған екі фельдшердің халаты да жоқ үстінде", - дейді Айкерім "Момский әңгіме" подкастында. 

Алайда Айкерім "бармаймын" деп пойыздан түспей қойған. Пойыздан дәрігер табылып, журналистің қасында отырып, көмектескен. 

"Бірақ келесі станцияда мен қаласам да, қаламасам да перзентханаға апарып тастады. Баланың сыртындағы серігі пойыз тербелген кезде қажалған екен. Дәрігерлер бәрі жақсы екеніне көзін жеткізбейінше қайтармады", - дейді журналист.