Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда бетон шатыр опырылды: зардап шеккен ер адам ауруханадан шығарылды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2023
  • 1248

Ақтауға кіреберіс шатырдың опырылуы салдарынан жарақат алған ер адамның жағдайы тұрақталды. Ол ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

"Ер адамның жағдайы тұрақты, ол үйіне шығарылды", - деп хабарлады емдеу мекемесінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Бұған дейін Ақтауға кіреберіс шатыр опырылып құлады, салдарынан 1994 жылғы ер адам ауыр жарақат алғаны белілі болды. Кейін оған ота жасалғаны хабарланды. 

Еске салайық, Ақтауда бетон шатырдың опырылуы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алған болатын. Кейін шатырдың опырылуынан зардап шеккен жұмысшылар шатырды бөлшектеп жатқаны белгілі болды.

Дәрігерлер зардап шеккендердің бірінің денесі көгергенін, ал екіншісі Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылғанын айтты. Екінші зардап шеккен адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Ақтауда бетон шатырдың опырылуы салдарынан қаза тапқан ер адамның артында бес баласы қалды.