56 жастағы америкалық Кевин Маджиннис әлеуметтік желіде танылып кетті. Ол 100 күн бойы тек фаст фуд жеп, 26 келі салмақ тастаған. Ол 100 күн бойы бургер мен қуырылған картоп қана жеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің сөзінше, ер адамда қант пен холестерин деңгейі қалыпты. Бұл -таңғаларлық диетаның нәтижесі.
Кевин марафонын ақпанда бастаған. Ол 100 күннің ішінде тек фаст фуд жеу арқылы салмақ тастауды мақсат еткен. 1 маусымда тәжірибе өз мәресіне жетіп, Кевин нағыз жұлдызға айналған. Ол ерекше диетасы қалай аяқталғанын айтты.
"Күніне үш рет тек фаст фуд жедім. Тіскебасарлардан бас тарттым. Менің бар құпиям - бір тағамның жарты порциясын ғана жеу. Тапсырыс берген тағамымда екіге бөліп, жартысын ғана жеп жүрдім. Таңғы астың жартысын түскі аста жедім. Газдалған сусын ішпедім, тек су іштім. 100 күнге алкогольден бас тарттым", - дейді америкалық.
Кевиннің сөзінше, тамақты демонизациялаудың қажеті жоқ, яғни оның мөлшеріне назар аудару керек.
"Салмақ тастағыңыз келсе тамағыңыздың мөлшерін азайтыңыз", - дейді ол.