Русский Сайттың толық нұсқасы

Үндістанда көпір құлады

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2023
  • 973

Үндістанда құрылысы бітпеген көпір биыл екінші мәрте құлады. Бір адам жоғалып кеткен,-деп хабарлайды Zakon.kz.

Көпір Бихар штатында Ганг өзенінің үстінен салынып жатыр. Нысан бұған дейін сәуірде күшті жел мен нөсер жауын кезінде опырылған.

Ол 2019 жылы қолданысқа берілуі тиіс еді. Алайда уақтылы бітпей, ашылуы бірнеше мәрте кейінге қалдырылды.

Бұл оқиғадан кейін елде құрылыс қауіпсіздігі мәселесі өзекті болып отыр.

Болған оқиғаға қатысты тергеу басталды.