Русский Сайттың толық нұсқасы

Маусымда еліміздің бес облысындағы аудандарда құрғақшылық болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2023
  • 1099

Маусымда Қазақстанның бес аймағында құрғақшылық күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады. Дегенмен, еліміздің кейбір өңірлеріндегі аудандарда орташа деңгейде құрғақшылық күтіледі.

Дәлірек айтсақ: Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау ауданында; Қостанай облысының Амангелді және Жангелді ауданында; Қызылорда облысы Қармақшы ауданында; Ақмола облысының Жақсы ауданында; Қарағанды облысының Шет ауданында құрғақшылық болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін метеорологтар маусым айында елімізде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болатынын, айдың бірінші онкүндігінде ел аумағында ыстық ауа райы күтілетінін хабарлаған еді.

Синоптиктердің болжауынша, маусым айының екінші және үшінші онкүндігінде ыстық күндер өткінші жаңбырмен, салқын ауа райымен, екпінді желмен, найзағаймен, бұршақпен және шаңды дауылмен ауысып тұратын болады.