Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде екі жасөспірім суға батып кетті

Ақтөбеде екі жасөспірім суға кетті. 6 жастағы үш бала Елек өзеніне суға түсуге барған. Бірақ өзеннің ағысы қатты болып, екеуін судың екпіні алып кеткен. Ал үшінші бала жағалауға шығып үлгеріпті. Құтқарушылар марқұмдардың денесін екі сағаттан кейін тауып, шығарды. Айта кетейік, жыл басталғалы Ақтөбе облысында төрт бала суға кетіп қаза тапты.

Жанболат ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ:

Жедел құтқару жасағы 16.30 екі баланың мәйітін алып шығады. Жалпы болған жағдай біздерде алғашқы ақпарат бойынша ағыстың ұлғаюына, қаттылығына байланысты. Бұл оқиға Жилгородской ауданы маңында болған. Тұжырым бойынша олар суда жүзу білмеген себептерінен.