Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «CAREER DAY» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Алматыда «CAREER DAY» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жоба жұмыссыз жастардың қатарын азайтып, оқушылардың мамандық таңдауына көмектесуге бағытталған. Жәрмеңкеге 200-ден астам ірі компания мен 30-ға жуық оқу орнының өкілдері қатысты. Байланыс және телекоммуникация, авиация өнеркәсібі, машина жасау, банк секторы және басқа да салалардағы бизнес кәсіпорындарының жұмысы таныстырылды. Жастар еңбек нарығы мен оқу орындары туралы толық ақпарат алды. Айта кету керек, қазір Алматыда 9576 жас жұмыссыз ретінде тіркелген.

Нұрсұлтан БЕКҚАЙЫРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасында осы NEET санатындағы жастардың санын азайту – ең басты көрсеткіш болып табылады. Сол себептен де осындай бос орындар жәрмеңкесі, сонымен қатар, проф. ориентациялық фестивальдар, «CAREER DAY» жобасы әр ауданда жүзеге асатын болады.

Аружан БАЙЖУМИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мұндай жәрмеңкелердің пайдасы көп. Өйткені, көптеген оқушылар мамандық таңдауда қиналады. Биыл оқу бітірдім, мені маркетинг саласы қызықтырады.