Қарағандыда қаладағы емханалардың бірінде ер адам келушілердің көзінше өзін-өзі қанағаттандырған (мастурбация). Полицейлер оны ұстап 15 тәулікке қамауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сол күні ол қаладағы емханалардың бірінде болып, келушілердің көзінше өз-өзін қанағаттандырған (мастурбация жасаған). Медициналық мекеменің емделушілері оның бұл әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.
Кейін полиция қызметкерлері ер адамның кім екенін анықтады. Ол бұрын кәмелетке толмағандардың денелерін ұстап, азғындық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандықтан ішкі істер органдарында есепте тұрғаны белгілі болды.
"Сот 1 маусым күні сағат 13:45 шамасында қоғамдық орында – Қарағанды қаласының емханасында бола тұра жыныс мүшелерін ашып, мастурбациямен айналысқанын анықтады. Осылайша, ол қоғамдық тәртіпті бұзған. Айыпталушы 1 ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-тармағындағы кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінін айтты. Оның кінәсі сотта зерттелген іс материалдарымен, оның ішінде құқық бұзушылық туралы бейне жазбамен толық расталды", - деп хабарлады мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі.
Құқық бұзушының тұрғылықты жері бойынша жағымсыз мінездері бар екенін және ішкі істер органдарында есепте тұрғанын ескере отырып, сот оны 15 тәулікке қамауға алды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.