Русский Сайттың толық нұсқасы

Айгүл Мүкей ажырасу туралы жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2023
  • 1254

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей ажырасу туралы ойландыратын жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Жақында құрбыммен кездескенмін. Жасы 35-те, 3 баланың анасы. "Күйеуімнің табысы аз. Шаршадым, ажырасамын" дейді. Қанша табады десем, "миллион" дейді. Бірақ нақты жұмысы жоқ. Сонда да, айына 1 миллион теңге үйіне әкеледі. Иә, жақсыға көп ақша табуға ұмтылғаны дұрыс деп қолдарсыздар, бәлкім. Қазір Instagram-нан да "өзіңнен ештеңе аяма, өз бағаңды біл" дегендерді оқып жатамыз. Бірақ күйеуі екеуі қиындықтың бәрін бірге жеңіп, керісінше жолдасын қолдау керек деп ойлаймын. Дегенмен арада 3 бала бар, ажырасуға бару қаншалық дұрыс? Жалпы күйеуіңнен талап етіп сұраған жөн бе, әлде жай ғана көз жұмып қарай салу керек пе?" - деп жазған ол парақшасында. 

Желі қолданушылары тележүргізушінің бұл ойына түрлі пікір қалдырған. 

"Күйеуі миллион тапса жақсы ғой. Тұрақты жұмысы болмаса да әйелін, бала-шағасын ойлап жүрген еркекті айтсаңызшы. Барлық жауапкершілік пен ауыр жүкті тек еркекке асып қойған дұрыс емес", "Отбасы болу - үлкен еңбек. Екі жақ көп еңбектену қажет. Кейбір кездерде махаббаттан гөрі, бір-бірін құрметтеу деген аса маңызды. Өте қиын сұрақ, өте көп жағдайды көрмей отырған сияқтымыз…", "Арада бала болған соң әйелдің күйеуіне талапшыл болуы да орынды ғой. Оны "ажырасамын" деп радикал түрде емес, өзге жолмен жолдасымен бірге ақылдасып шешуге тырысса жақсы", - деп жазған олар. 

Айта кетейік, Айгүл Мүкей - қазақстандық тележурналист, жаңалықтар мен арнайы бағдарламалар жүргізушісі, диктор, продюсер, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының департамент басшының орынбасары.