Русский Сайттың толық нұсқасы

Әйел анасының зейнетақысын алып отыру үшін оның денесіне бетон құйған

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2023
  • 881

Ресейде әйел зейнеткер анасының 100 мың рубль (500 мыңға жуық) зейнетақысын алып отыру үшін оның денесін бетондап тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі МК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәскеулік әйел анасы қайтыс болғаннан кейін оның өлімі туралы еш жерге хабарламаған. Өйткені зейнетақы енді берілмей қалады деп қорыққан. Сол себепті қарттың денесін үйдің жанына көміп, үстінен бетон құйған.

Ол таныстарына қарт ана қарттар үйінде деп өтірік айтып келген. Оқиға бір жылға дейін ұласыпты. Әйелдің бұрынғы жұбайы бір нәрсе дұрыс емес екенін сезіп, полицияға хабарласқан.

Ер адам әйелмен шамамен 20 жыл бірге тұрмаса да, жылына бір рет ұлына барып тұрған. Ол бұрынғы қайын енесін соңғы рет бір жарым жыл бұрын көргенін, одан кейін әже мүлдем көрінбей кеткенін хабарлады. Ұлынан сұрай бастаған кезде бала анасының сырын айтып қалған.

Жедел уәкілдер дене қалдықтарын тауыпты. Әйел қамауға алынды.