Русский Сайттың толық нұсқасы

"Еуразиядағы ең озық цифрлық хабтың бірі болмақпыз", – Президент

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2023
  • 654

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумы аясында өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Цифрландыру тұтас елдер мен өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін анықтаушы факторға айналды. 2025 жылға қарай әлемдегі цифрлық нарық 50 пайызға артып, 6,8 трлн долларға жетеді деп болжанып отыр, - деп айтты Тоқаев.

Сөзінше, 10 жылда әлемдегі тауар өндірісі мен көрсетілетін қызметтердің 70%-ында цифрлық технологиялар қолданылады деген де болжам бар.

Бұл процестің Қазақстан үшін аса маңызды екенін түсінеміз. Дәлірек айтқанда, цифрландыру біз үшін ұлттық маңызы бар мәселеге айналды. Біз Еуразиядағы ең ірі әрі озық цифрлық хабтардың бірі болуды көздеп отырмыз. Таяуда әлемдегі 62 ел Орталық Азияның орнықты дамуы үшін Қазақстанда БҰҰ-ның цифрлық шешімдер орталығын құру туралы бастамасын бірауыздан қолдады, - деді Президент отырыста.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл орталық мемлекеттер арасында «цифрлық тосқауылдардың» пайда болуының алдын алуға бағытталған жаһандық, өңірлік және ұлттық мүддені жұмылдыруға арналған.