Русский Сайттың толық нұсқасы

Айнұр Жүгінісова: "Мирас әнші болмаймын деп жылайтын"

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2023
  • 2073

Актриса Айнұр Жүгінісова “Ұйқым келмейді” бағдарламасында ұлдарының қазір немен айналысып жүргенін айтып берді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Рүстем шығармашылықты қойып, кәсіппен айналысып кетті. Мен өнер адамы болғандықтан баламының өнерден кеткенін қаламадым. Бала есейіп, ержеткен кезде өзін зейнетке шығып кеткен адам сияқты сезінеді екен. Маған: "Мама, мен шаршадым. Еркектердің жұмысын жасағым келеді" деді. Біздің үйде әкесі өмір бойы кәсіпте. Соны көріп өскендіктен балалардың бизнеске қабілеті бар, оларға қиын болған жоқ. Өздері ашамыз деді, біз батамызды бердік. Аллаға шүкір, өазір істерін өздері дөңгелетіп отыр. Мирас та футбол дүкенін ашты. Ол Мирастың кішкентай кезінен арманы болатын. Негізі футболист боламын деп армандайтын. "Мен әнші болмаймын, әнші болғым келмейді" деп талай жылайтын. Ол кезде Рүстем мен Мұхаммедәлі танымал еді, ал Мирас шыққан кезде ешкім танымайтын. Сол кезде "Балам, сабыр ет, сен әлі өзіңді дәлелдеген жоқсың. Барыңды көрсет, содан соң қабылдамай жатса көрерсің" деп жұбататынмын. Өзі де: "Сабыр түбі сары алтын. Сабырлы жетер мұратқа" деп жылайтын", - дейді Айнұр Жүгінісова.

Сахна сыртында Мирастың көңіл күйі түсіп отырғанын журналист Нұрсұлтан Құрман да байқаған.

"Мен де концерттерде, іс-шараларда Мираста іште өкпе болғанын байқап қалдым. Дұрыс хабарламай қойды, атын ұмытып қалды. Рүстем мен Мұхаммедәлиді біледі, бірақ Мирастың атын есіне түсере алмады. Рүстем шығармашылығын тоқтатып еді, танымалдылық Мирасқа өтіп кетті ғой деймін", - деп әзілдеді Нұрсұлтан Құрман.

Айнұр Жүгінісованың айтуынша, "Үйленбейсің бе?" деген сауалдан Мирас: "Уақыт жоқ" деп құтылатын көрінеді.