Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде өрт аймағында жедел жәрдем дайын тұр, түтіннен уланған бір адам ауруханаға жатқызылды

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2023
  • 1235

Абай облысында ормандағы өртке байланысты медициналық алғашқы көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадалары ұйымдастырылып, стационарларда резервтік төсек-орын дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аудандық аурухананың пациенттері Бородулиха ауылынан Жезкент кентіне және Семей қаласының СМКА көпбейінді стационарына көшірілген.

Медициналық техниканы эвакуациялауға дайындалып жатыр.

Көміртегі тотығынан уланып, ес-түссіз жатқан 39 жастағы ер адам Семей ауруханасына жеткізілді және оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Жағдайы орташа ауыр.

Қатты түтін тараған елді мекендер аймағында халық толығымен эвакуацияланды.