Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде 70 полиция қызметкері 20 техникамен патрульге шықты

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2023
  • 1133

Абай облысы полиция департаментінің жеке құрамы өңірдегі өрттерді оқшаулау кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылды, деп хабарлайды Астана телеарнасы ІІМ-не сілтеме жасап.

Полиция департаменті жеке құрамы тұрақты орналасу пункттерінде дайындық жағдайында болды.

«Патрульге 70 полиция қызметкері, сондай-ақ 20 бірлік техника жұмылдырылды.
Полиция қызметкерлері төтенше жағдай аймағында эвакуацияланған тұрғындардың материалдық құндылықтары мен жеке мүлкін қорғау бойынша топтар құрды.
Жергілікті аймақтарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және реттеу, сондай-ақ төтенше жағдай режимін, азаматтар мен көлік құралдарының келу және кету тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп жазды ІІМ.

Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне жол берілмеген.