Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысындағы алапат өрт: эвакуацияланған тұрғындар қазіргі жағдайы туралы айтты

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2023
  • 901

Абай облысы Бұлақ ауылында эвакуацияланған тұрғындар өздерінің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Бұлақ ауылынан Семей қаласына эвакуацияланған ауыл тұрғындары өздерін жақсы сезінеді. Тұрғындар азық-түлікпен және бірінші кезекте қажет заттармен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, кеше түнде орман өртінің қалың түтініне байланысты Семей қаласына қарасты Бұлақ ауылының 80-ге жуық тұрғыны эвакуацияланды. Адамдар эвакуациялық пункттерге орналастырылып, азық-түлікпен және қажет заттармен қамтамасыз етілді.

Бүгінде Семей қаласының үш эвакуациялық пунктінде 150-ге жуық адам, Талица, Половинки, Бұлақ ауылының тұрғындары орналасқан. Қалада 9 эвакуациялық пункт жабдықталған, олар қажет болған жағдайда 800-ге жуық адамды қабылдауға дайын.