Русский Сайттың толық нұсқасы

Даниал Ахметовтің өкілеттігі қашан аяқталатыны белгілі болды

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2023
  • 720

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігі 15 маусымда аяқталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай  растаған. 

"Өткен жылғы Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Даниал Ахметовтің әкім ретінде құзыреті 15 маусым күні аяқталады", - дейді Руслан Желдібай. 

Еске салайық, былтыр 11 маусымда Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Даниал Ахметовтің өкілеттігі бір жылға ұзарғанын хабарлаған болатын. 

Айта кетейік, Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодарда дүниеге келген. 

1976 жылы Павлодар индустриялды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.

1976–1981 жылы - "Павлодар тұрғынқұрылыс" тресінде мастер, аға прораб

1981–1983 жылы - Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы

1983–1987 жылы - "Екібастұзшахтақұрылыс" комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы

1987–1991 жылы - Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары

1992 жылы бастан - Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы, содан кейін Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы.

1993-1997 жылы - Павлодар облысыныңәкімі болып тағайындалды.

1997-1999 жылы аралығында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

1999 жылы қазанынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.

2001 жылы қарашасынан Павлодар облысының әкімі болды.

2003 жылдың маусымынан - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінде болған.

2003 жылы Мәскеуде "Қазақстандағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің аймақтық ерекшеліктері" тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Экономика ғылымының докторы.

Институтты бітіргеннен кейін құрылыстарда мастер, аға прораб, "Екібастұзшахтқұрылыс" трестінде жетекшілік қызметінде, Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, "Екібастұз энерго тұрғын үй өндіріс құрылысы" тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды.

2007 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қорғаныс министрi.

2009 жылы ҚР Қорғаныс министрі қызметінен жеке бизнеске ауысты.

2014 жылдың қарашасынан бастап ШҚО әкімі қызметіне тағайындалды.