Абай облысындағы орман өртін сөндіруге кетіп, із-түзсіз жоғалған тағы бір адам іздестірілуде. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады. Сергей Архипов есімді азамат облыс аумағындағы өртті сөндіруге көмектесу үшін тракторымен шыққан. 9-маусымнан бері хабар жоқ. Тұрғынды іздеу іс-шараларына ведомствоның жеке құрамы жұмылдырылды. Сонымен қатар оның тракторын табу үшін әуеден де шолу жүргізіліп жатыр.