Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болды

Түркістан облысында мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болды. Әлеуметтік желіде тараған видео авторының мәлімдеуінше, бейнежазба Қазығұрт ауданында түсірілген.

Видеода топқасқан жігіттердің қырық пышақ болып қырқысып жатқан сәті анық көрінеді. Автордың дерегінше, 4 адам жарақат алған, біреуінің жағдайы ауыр. Алайда облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Жарақат алып, дәрігер көмегіне жүгінгендер жоқ деп мәлімдеді баспасөз хатшысы. Ешкімнен арыз да түспеген. Департамент өкілінің мәліметінше, жаппай төбелес оқушылар арасындағы футболдан кейін болған.

Гүлнар ӘБДІЖАППАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бейнежазбадағы бірнеше жас жігітті анықтаған полицейлер олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізді. Қазіргі уақытта мән-жай анықталуда. Түркістан облысының полицейлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізуде.