Русский Сайттың толық нұсқасы

«Биыл Астана жылусыз қалуы мүмкін деген қауіп бар», - депутат

Биыл Астана жылусыз қалуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты. Жылу мәселесін шешеді деген «үшінші Жылу электр орталығының» құрылысы сағызша созылып кетті. Салынып жатқанына 13 жыл болған. «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің мүшелері жылу орталығына барды. Нысанда қазандықтарды монтаждау жұмыстары толық аяқталған. Қазір құбырларды оқшаулау және операторлар мен диспетчерлерге арналған жабдықты орнату жүргізілуде. Алайда аманаттықтар жылу маусымына нысанның іске қосылатынына күмәнмен қарауда. Енді Кеңес мүшелері ай сайын құрылыстың барысын бақыламақ.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл жердегі мәселе өте көп. Өйткені, бұл құрылыс 2010 жылы басталған. Әлі аяқталған жоқ. Енді бүгін мердігер компания дайындық 90 пайызға сәйкес деп тұр. Менің жеке ойым дайындық 90 пайызға сәйкес емес сияқты. Сондықтан заңдар бойынша бақылау жұмысын жүргізе береміз.