Армиялық авиацияның ұшқыштары маусымның 8-нен бастап жанып жатқан орман алқабына 3500 тоннадан аса су септі. Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіруші есеп топтары мен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелеріне армиялық авиация әуеден қолдау көрсетуде. Жағдайды әуеден бақылау үшін үш ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған. Қызыл жалынды ауыздықтауға Абай гарнизонының әскери қызметшілері де көмектесуде. Әскерилер жанып жатқан ағаштарды құлатып, бықсыған отты өшіріп жатыр. Өрт сөндіру жұмысы күндіз-түні жүруде.
Қуаныш ҰШТАЕВ, «ШЫҒЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ҚОЛБАСШЫСЫ, ГЕНЕРАЛ-МАЙОР:
Қазіргі кезде 600-ден астам жеке құрам, 50-ден астам әскери техника және 7 тікұшақ өрт зардаптарын жою жұмыстарын орындауда. Біздің алға қойған негізгі мақсатымыз осы тілсіз жауды тоқтату. Еліміздің тыныштығын қамтамасыз ету.