Русский Сайттың толық нұсқасы

Өлдіге саналған әйел жерлейтін күні есін жиып, табытты қаққан

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2023
  • 1160

Эквадорда дәрігерлер өлді деп санаған әйел жерлеу рәсімінің алдында кенеттен өз-өзіне келіп, есін жиған.

Телеарнаның хабарлауынша, әйел адам ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер оны қанша аман алып қалуға тырысқанымен, еш нәтиже болмаған. Сондықтан олар науқастың өлімін тіркеп, қазасын растайтын анықтаманы туыстарына берген. Жақындары марқұмның денесін үйге әкеліп, табытқа салып, жерлеу шараларын ұйымдастырған. Алайда қоштасу рәсімі кезінде табыттан оғаш дыбыстар естіле бастаған. Белгілі болғандай, есін жиған марқұм тыныс алуы қиындай түсіп, табытты қаға бастаған. Сөйтіп, ол қайтадан ауруханаға жеткізілген.

Енді әйелдің туыстары дәрігерлерді сотқа бермек.