Оралда 60 бала мінген автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz.
3 маусым сағат 12:40 шамасында Оралдағы Егізбаев – Бельгер көшелерінің қиылысында №26 жалпы орта білім беретін мектептің "Балауса" балалар лагерінен Cinema Park кинотеатрына 60 баланы тасымалдаған ПАЗ жеке автобусы өртенді.
Автобустың 1986 жылғы Т. есімді жүргізушісі көлік құралын техникалық тексеруден өтпей, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырған, міндетті сақтандыру полисі болмаған.
Жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 1-бөлігі, 9-бабы, 230-бабы 2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Еңбек кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3-тармақшасын бұзғаны үшін "Балауса" мектеп жанындағы балалар лагерінің қатысушыларын кинотеатрға баруын жүзеге асыру кезінде жауапкершілік танытпай, 13 маусым күнгі №52 бұйрығымен №26 мектеп директоры "Балауса" лагерінің жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды.
Балаларды тасымалдау кезінде полиция қызметкерлерінің жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алып жүру мақсатында мектеп тарапынан Батыс Қазақстан облысы ПБ-ге ешқандай сұраныс түспеген.