Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы қаласы орталық клиникалық ауруханасында науқастардан вич-инфекциясы анықталды

Алматы қаласы орталық клиникалық ауруханасында науқастардан вич-инфекциясы анықталды. Оң нәтижесі шыққан үш жағдай расталды. Анықталған фактілер негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен арнайы комиссия тағайындалған. Инфекцияның берілу көздерін анықтау үшін ішкі тергеу жүргізілді. Медициналық орталықтың қызметкерлері, донорлар және байланысқан адамдар толық тексерілген.

Назгүл ИМАНҒАЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша – зерттелгендердің барлығында нәтиже теріс болып шықты және де жаңа жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ағымдағы жылдың 13 маусымында комиссия қорытындысы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. 14 маусым күні Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижелері бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдайды.