Русский Сайттың толық нұсқасы

"Әкесінен алшақ өскендер жайлы": Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесі Сәбитке арнап фильм түсірген

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2023
  • 1282

Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы Асылжан бүгінде режиссерлік қырынан танылуда. Бұл туралы ол "Жақсы адамдарым" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ

"Режиссер мамандығын оқып бітірдім. Ал бірінші мамандығым - кинооператор. Чехияда оқып келдім, анам рұқсатын берді. Чехиядан оқу бітірген соң әкем маған режиссураны Қазақстанда оқуды ұсынды. "Кинода қазақтың жүрегі соғып тұруы үшін сен режиссураны осында оқуың керек", - деді. Осылайша, қолымнан жетектеп әкеліп, Жүргенов академиясына кіргізді. Содан соң: "Осыдан кейін келмеймін, бізді шақырмасын. Анаңның, менің атыма кір келтірме", - деді. Осыған дейін Мирас Жүгінісовтің бір бейнебаянын түсірдім. 2020 жылы "Әке жолы" атты деректі фильм түсірдім. Бұл менің әкеммен қарым-қатынасым және басқа да әкесіне алшақ өскен балалар жайлы әлеуметтік тақырыптағы деректі фильм. Қысқаметражды фильм түсіргенмін. Бұл да жақын арады шығады. Анаммен ақылдасамыз. Бірақ сын айтпаймын. Бірге пікір таластырамыз. Кейде инстаграмдарына пост жазып беремін. Енді анам екеуміз бірге кино түсіреміз деген ой бар. Анам менің өмірлік бас продюсерім ғой", - деді Асылжан Әбдімүтәлиев.