Русский Сайттың толық нұсқасы

"Тілімді қышытпаңдар". Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2023
  • 1697

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі Instagram-дағы сторисінде ағасының ұсталуына қатысты ойын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бүкіл әлем қарсы шықса да, ағасын "соңғы деміне" дейін қолдайтынын айтқан.

"Осы жолы үнсіз қалмаймын! Кімді өсектерлерін білмей отырғандарға таптырмас жағдай болыпты. Бәріңді Аллаға тапсырдым! Сүрінгенге жұдырық болған әрқайсының жазаларын осы өмірде берсін! Айтарым көп.
Бүкіл әлем қарсы шықса да, мен туғанымды соңғы деміме дейін қолдаймын! Қолымнан келсе, біраз нәрсе жасар едім бірақ бір Алланың өзі жеткілікті! Мына видеодан көрген өтірік геройлар туралы жазарым көп!", - деді ол.

Дина Төреәлі сонымен бірге ағасына қатысты жайтты кішкентай қыздарды зорлап жатқан педофилдермен салыстырған. 

"Кім не десе де, аяқтан шалса да. Он у нас самый лучший и самый сильный! Алланың оған берген духы мен мінезін тартып аласыздар ма? Қолдарыңнан басқа не келеді? Қазақтың басқа мәселесін шешу ма? Жооооқ... Ары қарай ашып дым айтпай-ақ қояйын!
Қазақтың шырылдаған кішкентай 5 жасар қыздарын зорлап бостандықта шалқып жүрген педофилдерді солай ұстаңдар! Мықты болсаңдар! Тілімді қышытпай отырыңдар", - деді ол.