Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қашып үлгермеген". Қостанай облысында баланың үстіне ағаш құлаған

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2023
  • 1387

Қостанай облысында 13 жастағы баланың үстіне ағаш құлаған. Бұл туралы баланың анасы Мөлдір Әлмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл оқиға Әулиекөл ауылында 11 маусымда болған. Бұл кезде бала саябақта ойнап жүрген. Кенет жел көтерілген.

"Балалар ойын алаңында ойнап жүрді. Кенет жел көтерілді. Кейбір балалар қашып үлгерді, менің балам үлгермеді. Оның үстіне ағаш құлады. Ол есінен танып қалған. Жедел жәрдемді ересектер шақырған. Баламның миы шайқалған", - дейді жарақат алған баланың анасы.

Мөлдір Әлмағамбетова әкімдікке барып арыз жазғысы келгенін айтады.

"Әкімдікке бардым, онда "бізден не сұрайсыз?" Жел - табиғи құбылыс" дейді. Арыз жаздым. Баламның жағдайын тіпті сұрамады. Мен сотқа барғым келмейді. Жай ғана қауіпті, қураған ағаштардан арылып, саябақты көркейткім келеді. Өйткені бұл оқиға қайталануы мүмкін. Олар не күтіп отыр? Басқа ауыр жағдайды күтіп отыр ма? Қурап қалған биік ағаш көп. Олар қажет емес жердегі ағаштарды кесіп  жатыр. Балалардың басқа ойнайтын жері жоқ", - деді Мөлдір Әлмағамбетова.